Қарағандыда дауыл кезінде 19 жастағы қыз су қоймасына батып кетті
Қарағанды облысындағы Топар су қоймасында дауыл салдарынан қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары тапты. 19 жастағы қыз үрлемелі матрацта болған.
"2001 жылы туған қыз үрлемелі матрацта болғандықтан, оны жел екпіні жағадан алыс алып кетті. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қарағандыда дауыл болып, ондаған ғимараттың шатырын жұлып әкетті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”