Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда дәрігердің қабылдауына келген науқас оны тонап кетті

Қарағандыда қабылдау кезінде науқас дәрігерді тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, 35 жастағы дәрігер полицияға 1 қазанда жүгінген.

"Ол белгісіз адам одан 63 мың теңге ұрлап кеткенін айтты. Жұмыс күні оның кабинетіне бетіне медициналық маска таққан ер адам келген. Осы науқас кеткеннен кейін дәрігердің сөмкесінен құжаттар мен ақшалар жоғалып кетті", - дейді полицияда.

12 қазанда құқық қорғау органдары 44 жастағы Алматы тұрғынын ұстады. Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр