Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері өзін-өзі атып өлтірді
Қарағанды тұрғыны өз үйінің ауласында өзін атып өлтірген. Жантүршігерлік жағдай 10 маусым күні болған. Алайда ол туралы 12 маусымда ғана белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Әлеуметтік желіден тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып тастап, өзі үйіне келіп атылып өлген.
Марқұмның бұрын полиция болып қызмет атқарғаны белгілі болды.
Қарағанды облысының полиция департаменті болған жағдайды растады.
“10 маусым күні Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан атылып өлген 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Дерек полицияға тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін 10 жастағы бала буллингке шыдамай, өз-өзіне қол салғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді