Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан "Мықтылар турнирі" өтеді. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі  Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Бұл жарыс – қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу. Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш cынасады. 2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі. Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы баскиімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай баскиім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Талқылау