Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әйел үш жасар қызымен бірге терезеден секірмек болды

Қарағандыда үш жасар қызды қолына көтеріп алған 24 жастағы әйел терезеден секірмек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдай 23 мамырда Восток-3 шағын ауданында болған. Қолында баласы бар әйел терезенің үстінде отырды және секіремін деп қорқытқан.

 

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жедел аттанды. Жеткеннен кейін факт расталды: 24 жастағы әйел 3 жасар қызын қолына алып, бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінің үстінде отырған. Сондай-ақ, аталған мекен-жайға Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі келді, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері Қымбат Алтаев пәтерге кіріп, әйелді өлімнен құтқарып қалған.

Тексеру барысында әйелдің медициналық мекемеге тіркелгені анықталды. Оны емханаға алып кеткен.

Гүлдана Қазтай
Жұма, 28 Мамыр, 2021 17:45
Талқылау