Қарағандыда автобустың үстінде би билеп, танымал болған азаматтың видеоларын полиция тексермек
Қарағандыда автобус үстіне шығып, би билеген жүргізушінің видеосы полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеоролики станцевавшего на крыше автобуса водителя-тиктокера Айдоса Аринова изучит полиция в Караганде, передает корреспондент Tengrinews.kz.
В Караганде сотрудники полиции намерены изучить видеозаписи водителя автобуса № 43 Айдоса Аринова, который называет себя блогером и часто записывает видео, находясь за рулем общественного транспорта.
Қарағандылық полицейлер өзін блогер деп таныстырып, әлеуметтік желіге бейнежазба түсіріп жүрген Айдос Арыновтың видеоларын тексеретін болды. Тексеруге қарағандылықтардың жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережесін жиі бұзатыны және ата-анасының рұқсатынсыз өзінің Instagram және Tik-Tok парақшаларында балалардың суреттерін жариялайтыны туралы шағымдары себеп болған.
Бұған қоса, полицейлердің назарын бейнеде жүргізушінің қауіпсіздік белбеуін елеусіз қалдыруы және қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатқан кезінде видео түсіруі аудартқан.
"Қазіргі уақытта бейнероликті жергілікті полиция қызметкерлері зерттеп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланады", - деді ПД өкілдері.
Айдос Ариновтың видеоларына қатысты Қарағанды қаласының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері де түсініктеме берді.
"Автобус паркінің басшылығына жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хабарланды. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу туралы оған ескерту қажет. Сондай -ақ, кәсіпорын басшылығы жүргізушіге видеолары үшін ескерту жасады", - делінген департамент хабарламасында.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
