Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда алты баланы анасынан тартып алмақ болған

Қарағандыда алты бала анасынан айырылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Келіншек ата-аналық жауапкершіліктен жалтарды және балаларға жағдай жасамады деп айыпталды. Қамқоршылық бөліміне шағымдарды әйелдің өз әкесі жазған. Қазір келіншек ана болу құқығынан айырылмау үшін тырысып бағуда.

Еріктілер Динара Имамбекованың тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектесті. Олар көмекке 700 мың теңге жинады. Енді міне, тар бөлменің орнына алты балалы ана үш бөлмелі үй жалдап отыр.

Ол бірнеше ай бойы сотта өзінің ана құқығын қорғауға мәжбүр. Оның қарт әкесі балаларды Динарадан алып кету үшін мемлекеттік органдарға арыз жазған. Динараның 82 жастағы әкесінің тұратын пәтері бар.

Қария мүлкін үлкен немересіне аударып бергенімен, қызы мен немерелерін үйіне кіргізбейді. Осылайша Динара алты баласымен пәтерде тұрып жұр.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның Динараны ата-ана құқығынан айыру хаттамасын бұзды. Қоғамдық қорлардың бірі отбасы үшін пәтер алып беретін болады. Енді бірі балалармен жұмыс жасайтын психологтар тауып, келіншекке көмек қолын созбақ. Сот шешімі бойынша балалар анасының жанында қалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр