Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Шалабековтің үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Қарағанды облыстық соты Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Прокуратура Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген болатын. Прокурор сотталған Жақсылық Шалабековтың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері бар екенін баса көрсеткен.

Қарағанды облыстық сот алқасы прокуратураның дәлелдері мен қылмыстық іс материалдарын мұқият зерттеді. Сот алқасы үкім әділ шығарылған деген қорытындыға келді.



"Сотталғандарға сот құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, олардың жеке басын ескере отырып оның ішінде мемлекетке келтірілген 120 млн теңге залал үшін жазаны қылмыстық заң баптарының санкциясы шегінде тағайындады. Шалабековке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген зиянды өтеу фактісін, сотталушының жасын (61 жаста) және кәмелетке толмаған балалардың болуын ескерді.

Мемлекеттік қызметкердің кәсіби антын бұзған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны жазаны ауырлататын факты деп танылады. Қасеновке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген зиянды өтеуді, үш кішкентай баланың болуын, жазаны жеңілдететін жәйтті анықтамады", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Жақсылық Шалабеков 120 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін бөлінген бюджет ақшасын ұрлаған. Кейін сотта тергеу нұсқасы расталмады. Сот Жақсылық Шалабековке тағылған айыпты қайта қарап, оны қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапқан.

8 маусымда Қазыбек би аудандық соты оны бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Ермек Қасенов 5 жылға шартты түрде сотталды. Сот оны алаяқтыққа қатысы бар және қаржыны жымқырды деп айыптады.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 09:26
Талқылау