Қарағанды облысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қарағанды облысында жыл бойы облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспары іске асырылуда. Осы жылы 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді және қабылданды. Соның негізінде биыл 116 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мәліметінше, өңірлік жеңілдітілген “Жас отбасыларға арналған ипотека” бағдарламасы бірінші жылы (2022 ж.) пилоттық режимде облыс орталығының аумағында іске асырылды.
Бағдарламаны іске асыруға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Қорытындысы бойынша 1016 өтініш қабылданып, 7 әлеуметтік маңызды санат бойынша 92 қарыз берілді (денсаулық сақтау – 21, білім беру – 30, мәдениет – 10, спорт – 7, әлеуметтік сала – 3, БАҚ – 5, ЖОО – 16).
2023 жылы бағдарламаның географиясы кеңейтіліп, республикада бірінші болып облыстың моноқалалары қосылды. Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларының жергілікті бюджеттерінен қосымша қаржыландыру бөлу жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша кемінде 148 жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру жоспарлануда. Осы жылдың тамыз айы бойынша Қарағанды (566) және Теміртау (49) қалаларында 615 өтінім келіп түсті.
Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тағы бір шарасы – студент жастарға арналған жатақханаларды салу және қайта жаңарту. Бүгінгі таңда 582 төсек-орынға арналған 6 жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың наурыз айында Қарағанды медицина университетінің 400 төсек-орындық жатақханасының құрылысы аяқталды. Жақын арада нысанды салтанатты түрде ашу жоспарлануда. 400 орындық медициналық университеттің жатақханасының ашылуымен ЖОО-да жатақханаға деген қажеттілік шешілетін болады.
Бұдан басқа облыста еріктілер қозғалысын дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылуда. Еріктілердің аймақтық фронт-офисі жұмыс істейді. “Ұлттық рухани жаңғыру” ұлттық жобасы шеңберінде волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржыландыру көлемін жыл сайын ұлғайту жоспарлануда. Волонтерлік бастамаларды қолдауға 2023 жылы 3,5 миллион теңге көлемінде гранттар көзделген.
Жылдан жылға еріктілер қозғалысы біріктіруші фактордың жоғары әлеуетіне ие бола отырып, өзін қалыптасқан қоғамдық институт ретінде көрсетті. Осылайша, 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін еріктілер күшімен 2 тоннадан астам көмек жиналып, жіберілді. Сонымен қатар қаржылық қайырымдылық жинау ұйымдастырылды. Жалпы сомасы 13 миллион 546 мың теңгені құрады.
Instagram, Facebook және Telegram) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында күн сайын әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook және Telegram) түрлі контенттер жарияланып, толықтырылып отырады. Instagram, Facebook жазылушыларының жалпы аудиториясы 101 318 адамды құрайды.
Облыста 10 коворкинг-орталық жұмыс істейді: Балқаш, Қарағанды, Приозерск, Саран, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Бұқар Жырау, облыс орталығында – 2 коворкинг: “Good zone” және “Qoldau”. Коворкинг-орталықтар жастардың кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынады.