Қарағанды тұрғыны төленбеген жалақысын қайдан аларын білмей әуре-сарсаңға түсті
Қарағандылық әйел жалақысын ала алмай сенделіп жүр. Қайда жүгіну керек екенін білмейді. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға және сотқа екі рет жүгінді, бірақ нәтижеге қол жеткізе алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Лариса пандемия кезінде өмірін қауіпке тіге отырып, көпқабатты үйлердің кіреберістерін тазалап, жуған. Маусым айында жұмыстан шығып, бірақ 160 мың теңге жалақысын ала алмай жүр. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма оны сотқа жіберген, ал сот сот істі қараудан бас тартып, инспекцияға кері бағыттаған.
"Мен соңына жете алар емеспін. Сондықтан бұл адам өзін жауапсыз сезінетін шығар. Ол адамдарды тартады, алдымен қызықтырады, 1-2 ай төлейді, сонымен болды", - деді Лариса Климашина.
Басқарушы компания директорының айтуынша, бәріне пандемия кінәлі. Дегенмен, жұмысшылардың көбіне қарызын өтеп үлгерген. Қалғандарына ішінара бөліп бермек.
"Шамамен 30-35 пайызға төлем төмендеді. Осыған байланысты қажетті шаралар қабылданды, жұмыстан қысқарттық дегендей. Бүгінгі таңда тіпті кейбір ұйымдар алдында қарыз бар", - деді "Тұрғын үй кешенін басқару" ЖШС директоры Еркебұлан Безжігітов.
Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасындағылар шағын және микробизнесті бақылауға қатысты мораторияға байланысты қолдарының байлаулы екенін айтты. Олар тек жұмыс берушілерге хабарласады немесе жұмысшыларға сотқа арыз дайындауға көмектеседі. Осылайша даудың 70 пайызы шешіледі.
Шағымдардың көптігіне қарамастан, аталған бизнес өкілдерін санитария-эпидемиология департаменті де тексере алмайды. Іс жүзінде, жұмысшылар еш жерден қолдау таппай отыр. Енді олар жаппай өңір әкіміне шағымын жеткізбекші.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
