Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны күйеуінің кесірінен 11 млн теңге салыққа қарыз болып қалған

Светлана Шторк «Жеке кәсіпкер» мәртебесі үшін борышкер болып қалды. Ол күйеуінің өтінішімен ЖК ашқан. Отбасылық өмірі дұрыс болмай, күйеуімен ажырасады. Ал біраз уақыттан кейін өзінің 11 миллион теңге салық қарызы бар екенін білді.

Қарағанды тұрғыны күйеуінің кесірінен 11 млн теңге салыққа қарыз болып қалған

Біреудің құжаттарды пайдаланғанын дәлелдеу қаншалықты нақты? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Светлана Шторк 11 млн 400 мың теңге қарызы бар екенін білгенде есінен танып қала жаздапты. Ол бизнеспен айналыспағанын, атындағы жеке кәсіпкерлікпен күйеуі айналысқанын айтады. Күйеуімен 2017 жылы ажырасып кеткен. Бұрын күйеуінің өтінішімен ЖК ашып, оған сенімхат берген екен. 

"Мен салық департаментіне барып, жағдайды баяндадым. Олар маған ЖК-ті уақытша тоқтатып, уайымсыз ұйықтай беріңіз деді", - дейді Светлана. 

Алайда оның күйеуі әйелінің атынан 2 жыл Ресейден ет алып сатқан. Светлана сенімхаттың екі жыл бұрын мерзімі өткенін айтады. Ал, ЖК қызметі тоқтап тұрған. 

"Мен арыз жазып, менің атымдағы ЖК-мен өзгенің қызмет етіп жүргенін айттым. Бірақ құлақ асар ешкім жоқ", - деді ол.

Мемлекеттік кірістер басқармасында егер ЖК-тің уақыты тоқтап тұрса, түгелімен жабылмағандықтан қызмет етіп тұр деп саналатынын айтты.

"Өкілетті органдар Светлана Шторктың 2017-2018 жылдары ЖК жұмыс істегенін растады. Біз Ресейдің бақылау агенттігі мен заңгерлеріне сұрау жібердік. Олардан жауап күтіп отырмыз", - дейді мемлекеттік кірістер департаментінің қосымша салықтар бөлімінің жетекшісі Ысқақ Тоқжұманов.

Адвокат Александр Махловтың айтуынша, кеденде ЖК иесінің болуы міндетті емес. Сондықтан кез келген адам өзгенің ЖК-ін пайдалана алады. 

"Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткенде осындай жайттар көп болады. Күйеуі әйеліне көп мөлшерде несие алғызып, кейін әйеліне жауып кетеді", - дейді адвокат.

Светлананың күйеуі көптен бері бизнеспен айналыспайтынын айтты, бірақ пікір білдіруден бас тартты. 

Онымен ажырасқаннан соң Светлана екеуіне ортақ несиені төлеген. Оны жабу үшін үйін сатқан. Қазір 8 жасар қызымен бірге. Өзінің барлық есепшотып бұғаттаған. Салық басқармасында әлі тексеріс бітпегенін айтады. Ал, адвокат Светлананың кінәсіздігін дәлелдейтін айғағы жоқ деп отыр. 

Талқылау