Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне ана мен баланы қорғау туралы заңнама бойынша дәріс өткізілді

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нығмет Исмагулов аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары, олардың тергеу жөніндегі орынбасарларына, сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлінісінің басшылығына дәріс өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Негізгі мақсат – адам денесіне қасақана жеңіл түрде зиян келтіру бағытындағы құқық бұзушылықтарды тіркеу және оны зерделеу бағытындағы Ішкі істер министрлігімен әзірленген алгоритімді жеткізу.   

“Өздеріңізге белгілі "Әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу" туралы мемлекет басшысы заңға қол қойды. Осы заңның аясында полиция қызметкерлерінде отбасы-тұрмыстық салада кездесетін құқық бұзушылықтарды анықтау және толтыру барысында асқан жауапкершілік болуы тиіс”, – деді департамент бастығы Нығмет Исмагулов келелеі кездесу барысында.

Сондай-ақ, полиция полковнигі жиынға жиналған тергеу саласы мамандарының алдында қылмыстық кодексінің 108-1 және 109-1 бабтарына сәйкес жаңа қылмыс құрамы көзделгенін де тілге тиек етті. Мәселен, жаңа заңнамаға сәйкес, ұрып-соғу немесе басқада физикалық күш қолданыу арқылы денсаулыққа жеңіл түрдегі зиян келмесе де, отбасының шырқын бұзушыны жүз айлықтан екі жүз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартуға немесе 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алу жазалары қолданылуы мүмкін.

Айта кету керек, бұндай дәрістер полиция департаментіне қарасты барлық аумақтық полиция бөліністерінде өткізіледі.

Талқылау