Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшылары пара алғаны үшін сотталды

Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары мен пара берген 4 адамға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары Ақбиев пен Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері Балацкая, Бекишев, Бекшин және Андриенко сотталды.



“Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласында заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпай, кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған. Сол үшін Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 миллион теңге және 2,5 миллион теңге айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.

Осы үкіммен пара берушілер Балацкая, Бекишев, Бекшин және Андриенкоға 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұл салынды.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

Егер олар айыппұл төлемесе, жазалары бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. 

Еске салсақ, Өскеменде экология департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін 7 жылға сотталған еді. 

Талқылау