Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғыны қызық үшін мерекелік шыршаны өртеп жіберді

Қарағанды облысында ер азамат жаңа жылдық шыршаны өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мерекелік шырша Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған аулындағы мәдениет сарайына қарама-қарсы орналастырыпты. Оның отқа оранғаны туралы хабар полиция бөлімшесіне 1 қаңтар күні сағат 6:00-де келіп түскен. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар 31 жастағы ауыл тұрғынын қолға түсірген. 

"Ұсталған азамат өзінің кінәсін толығымен мойындады. Айтуынша, шыршаны қызық үшін өртеп жіберген. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің "Біреудің мүлкіне қасақана от арқылы шығын келтіргені үшін" бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары басталды", - деді қарағанды облыстық ПД қызметкерлері. 

Аталған бап бойынша бұзақыға 3000-7000 АЕК көлемінде айыппұл, түзету жұмыстары, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру сынды жазалар қарастырылған. 

Жергілікті әкімдік жаңа жылдық 14 метрлік шырша 2018 жылы 2,5 миллион теңгеге сатып алғаны туралы мәлімдеді. 


 

Талқылау