Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының бас санитар дәрігеріне қарсы арыз берген белсенділер сотта жеңіліп қалды

Облыстың бас санитар дәрігерге қарсы талап арыз берген қарағандылық белсенділер сотта жеңіліп қалды. Олар бас санитар дәрігердің Конституцияны бұзатын карантиндік шектеулер туралы бұйрығын жоюды талап еткен еді. Талапкерлерге толық көлемде бас тартылды, бірақ белсенділер іс жүзінде сот болған жоқ деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме беріп хабарлайды.


"Мен судьяның жарыссөз өткізуге кедергі келтіргенін ешқашан көрген емеспін. Мен сот отырысын тағайындаған судьяның менімен болған жағдай сияқты сот отырысындағы процеске тарапты қоспағанын ешқашан көрген емеспін", - деді талапкер, заңгер Ирина Фурсова.

Төрт арызданушы, оның ішінде Ирина Фурсова мамыр айының басында Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің қаулысының күшін жоюды талап етіп сотқа жүгінді.

Белсенділер міндетті түрде маска тағуды, қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салуды және кәсіпкерлік нысандарының жабылуын олардың құқығын бұзу деп санады. Олардың пікірінше, мұның бәрі конституциялық нормаларды, адам құқықтары мен бостандықтарын бұзады, қызмет түріне қатысты кемсітушілік тудырады, өмірге қауіп төндіреді және денсаулыққа зиян келтіреді.

Талаптар бір процеске біріктірілді, бірақ талапкерлердің ешқайсысы жарыссөзге қатыса алмады. Оларды онлайн-отырысқа қоспаған. Кейінірек олар соттың аяқталғанын және олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқанын білген.

Енді әйелдер апелляциядан басқа, республиканың бас санитарлық дәрігеріне қатысты жаңа сот ісін қозғауға ниетті.

Гүлдана Қазтай
Сәрсенбі, 12 Мамыр, 2021 10:11
Талқылау