Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 10 миллиард теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылуда
Қарағанды облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 24 жоба аяқталды. 10 млрд теңге 28 инвестициялық жоба іске асырылуда. 193 жұмыс орны құрылады.
Бүгінгі таңда өңірде егіс алқабының 97%-ы жиналды.
“Қолайсыз ауа-райы егін жинауға және астық сапасына әсер етпеді. 651 мың тонна астық, 254 мың тонна картоп және 32,3 мың тонна көкөніс жиналды”, – деді Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында.
Сондай-ақ, ол облыста мал басы көбейгенін атап өтті. Өткен жылдың деңгейінде ет өндірісі қамтамасыз етілді, биыл сүт 1,8%-ға, жұмыртқа 8%-ға көбірек өндірілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”