Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы егіз сәбилердің өлімі: Балалардың анасы кінәлі болуы мүмкін

Қарағанды облысында белгісіз себептерге байланысты көз жұмған егіз балалардың ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

марқұм

Полицейлер күдіктілердің қатарына егіз нәрестелердің анасын да қосыпты. Сөздерінше, ол балаларын абайсызда өлтіріп алуы мүмкін. Тергеу амалдары аяқталып, прокуратураға жіберіліпті. 

"Басты күдікті ретінде балалардың 26 жастағы анасы танылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Абай ауданының прокуратурасына жіберілді", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Сұмдық оқиға Абай қаласында орын алған еді. Осы жылдың ақпан айында сегіз айлық Лера мен Кирилл есімді егіздер белгісіз себептерге байланысты көз жұмған. Олардың денесі төсекте табылған. Тергеушілер балалар тұншығып өлгенін айтады. Сол күні баланың анасы ғана үйде болған көрінеді. Егер әйелді кінәлі деп танылса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Марқұм сәбилерден бөлек әйелдің тағы екі баласы бар. 


 

Талқылау