Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар мен олардың үш баласы жол апатынан қаза тапты
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыптылар мен олардың үш баласы көз жұмды. Тағы бір бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
26 тамызда сағат шамамен 23:30-да "Балқаш - Приозерск" тас жолында, Гүлшат ауылына 23 шақырым жердегі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда 35-жастағы ер адам басқарған Opel Vectra көлігі 25-жастағы азаматтың басқаруындағы Howo жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Opel Vectra автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жолаушысы (жұбайы), олардың кәмелетке толмаған үш баласы оқиға орнында қаза болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Факті полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ