Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы ауылдық фельдшер боранды күні толғағы қысқан әйелді жол үстінде босандырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 28 қаңтар күні болған. Ақтоғай ауылынан Балқашқа барар жолда аудандық фельдшер жедел жәрдем көлігінде жүкті әйелге көмектесіп, оны босандырып алған. 

«Нарманбет елді мекенінің маңында фельшер Ысқақова Баян Мұратқызы жедел жәрдем көлігінің ішінде ауыл тұрғынын босандырып алды. Оған үлкен рахмет. Біз ауылды мекендерімізде осындай өз ісінің білікті мамандары бар екенін мақтан тұтамыз. Дүниеге салмағы 2370 грамм және бойы 47 см ұл бала келді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 

Талқылау