Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында толассыз жауыннан кейін ауылдардың бірін су басты (видео)

Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Сенокосное ауылын толассыз жауыннан кейін су басты. Елді мекенге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауыл

Әлеуметтік желіде Сенокосное ауылындағы су басқан аулалардың видеосы жарияланды. Авторлардың сөзінше, бір күн бұрын қатты жауын жауған. Су деңгейі кей жерлерде 25-30 сантиметрге жеткен. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сенокосное ауылына 35 қызметкер, 4 бірлік техника мен 13 мотопомпа жіберілген. 

"Осакаров ауданы Сенокосное ауылында аулаларды су басқаны туралы хабар келіп түсті. Су басу толассыз жаңбыр салдарынан болған. Тұрғындарға көмек көрсету үшін Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен су соруға арналған техникасы жіберілді", – деді ведомство өкілдері. 

Кейін Сенокосное ауылына Осакаров ауданының әкімі де барғаны белгілі болды. Аудан әкімі Нұркен Қобжанов жауыннан кейін арықтан су шығып, аулаларды басып қалғанын айтты. 

"10 шілдеде Қаратомар ауылдық округы Сенокосное ауылында 15:00-15:30 аралығында қатты жауын жауып, салдарынан 13 аула мен 9 пәтерді су басты. Су пәтер ішінде 20 сантиметрге дейін көтерілген. Себебі су арықтан асып кеткен. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ТЖ бөлімі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Су қайтты, қазір жерқоймадан су сорылып жатыр", – деді Осакаровск ауданының әкімі Нұркен Қобжанов. 

Сонымен қатар ол су басу сладарынан ешкімнің зардап шекпегенін айтты. 

"Комиссия қорытындысынан кейін тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер жоқ, мал өлген жоқ. Мәселе бақылауға алынды. Тұрғындармен жедел кездесу өткізілді", – деді әкім.  

Талқылау