Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында тоғыз ауыл өрт кесірінен жарықсыз қалды

Қарағанды облысында өрт кесірінен тоғыз ауыл жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жарық

Өрт сөндірушілер түнгі 02:48-де жалынды сөндірген. 

"27 тамызда 00:23-те Шет ауданы Қошқарбай ауылындағы Бұғылы көшесінде өрт болғаны туралы ақпарат түсті. Ашық аумақта трансформатор майы мен трансформатордың жанатын бөліктері жанған", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өрт кесірінен аудандағы Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт пен Деріпсал ауылдарында жарық сөніп қалған. 

Талқылау