Қарағанды облысында сотталушы сүйіктісіне үйлену үшін ерекше ұсыныс жасады - видео
Қарағанды облысында сотталушы сүйіктісіне үйлену үшін ерекше ұсыныс жасады. АК-159/5 мекемесінің әкімшілігінің рұқсатымен ол арнайы бейнехабарлама түсіріп жолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үйлену туралы ұсыныс білдіріп видео хабарлама жазу туралы ойды Сергей Цветов ақпан айында ойластырған екен. Ол жүрегін ұсынған әйелмен түрмеге қамалмай тұрып танысқан. Арада қанша уақыт өтсе де әйел оны қолдап, күтір отыр, дейді өзі.
"Мен Ларисамен бостандықта жүрген кезімде таныстым. Ол тамаша адам және менен қандай жағдай орын алса да теріс айналған емес. Екеуміздің серттеріміз берік, ол мені күтіп жүр. Ол менің жақсы адам болып өзгеруіме, болашақ туралы ойлауыма үлкен әсер ететін адам. Ия, бұл менің алғаш рет сотты болуым емес екенін мойындаймын. Менің түрмеде отыруыма енді 5 жыл қалды. Алайда алдағы уақытта ескі әдеттерімді қайталамауға сөз беремін. Сүйіктіммен жаңа өмір бастағым келеді әрі мен оны қатты жақсы көрем, сол себепті ұсыныс жасап бейнехабарлама жаздым. Ол менің хабарламамды көрсе екен деп армандаймын", - деді Сергей.
Сергей хабарлама түсіру өте мұқият дайындалған. Тіпті келіншегіне арнап мекеменің ұстаханасында қолдан жүзік жасатқан. Видеода ол қызы мен болашақ енесін алдағы мерекемен құттықтауды да естен шығармаған.
"Сергей біздің мекемеге 2021 жылы келіп түсті. Психологиялық кеңестерде ол өзінің жеке өмірі жайлы, Лариса туралы және үйленіп, өмірін өзгерткісі келетіні туралы айтқан. Ол табиғатынан шығармашыл, романтик адам. Ақпан айында ол сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін видео түсіруге жәрдемдесуді сұрады. Әкімшілік оның бұл ойын қолдады өйткені сотталғандар үшін туыстық байланыс оларға оң әсер етеді", - деп түсіндірді АК-159/5 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Игорь Бендерский.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
