Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қарағанды облысында сайлау жәшігіне бюллетендерді жаппай салып жатқандардың бейнежазбасы таралды (видео)

Қарағанды облысында сайлау жәшігіне бюллетендерді жаппай салып жатқан адамдардың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түсірілімнен скриншот

Ақтас ауылының тұрғыны denski_blog Instagram парақшасына өз наразылығын жазып, әділетсіздік туралы мәлімдеді.

"Ақтас ауылынан сәлем! Халықты тасбақа, диван сыншысы, бақсылар мен сиқыршылардың кейпіндегі сайқымазақтармен алаңдатып жүргенде, мына жақта жәшіктерді бюллетеньдермен толтыруда.Түсінгенім – елімізде ешқашан тәртіп болмайды! Бейнежазбаны мұқият қараңыз! Мұны теледидардан көрсетпейтін болар!", – деді желі қолданушысы.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023 09:29
Талқылау