Қарағанды облысында сәбиін көтеріп кетіп қалған 16 жастағы бойжеткен табылды
Қарағанды облысында осыдан бір апта бұрын сәбиін көтерген күйі кетіп қалған 16 жастағы бойжеткен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
3 қыркүйек күні Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы әйел хабарласып, Ана үйі дағдарыс орталығынан шығып, қайта оралмаған өзінің 16 жастағы қызын іздестіруде көмек сұраған.
Жас ананың қолында сәбиі болған. Оларды іздеп табу үшін облыстық полиция департаментінің бастығы мобильді топтар құрып, волонтерлер жұмылдырылды. Нәтижесінде бала мен ана облыстағы ауылдардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта екеуі де қыздың ата-анасының қамқорлығына берілді.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 15 жастағы қыз жаңа туған сәбиімен бірге жоғалып кеткені айтылған еді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ