Қарағанды облысында жолаушылар пойызы апатты жағдайда тоқтап, жолаушылар зардап шекті (видео)

Фото: Видеодан скрин
24 тамыз күні кешке Қызылжар – Түйемойнақ (Жарық – Жезқазған бөлігі) аралығында Жезқазған – Астана бағытында келе жатқан №107 жолаушылар пойызы апаттық жағдайда шұғыл тоқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағат 21:38-де сағатына 12 шақырым жылдамдықпен келе жатқан машинист жолда тұрған жүк вагонын байқап, оған 300 метр қалғанда шұғыл тежегішті басқан. “ҚТЖ” басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына барды.
“Қазақстан темір жолы” АҚ-ның мәліметінше, қақтығыс болған жоқ, бірақ пойыз жүк вагонымен түйісіп қала жаздады. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ, бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды.
“Сағат 23:14-те пойыз орнынан қайта қозғалды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келген жоқ. Оқиғаның себебі тексеріліп жатыр. Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия барды”, – деп мәлімдеді “Қазақстан темір жолы” АҚ.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды