Қарағанды облысында полиция жиырма минут ішінде көлік ұрлаған адамды қолға түсірді
Теміртаулық 60 жастағы тұрғын түнгі сағат 21:00 шамасында қалалық полиция басқармасына шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласынан жәбірленушіге тиесілі жеңіл көлікті ұрлап кеткен. Хабарлама Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны бөлімшелерінің біріне түсті.
Жиырма минуттан кейін кафелердің бірінің жанында тұрған полиция қызметкерлері ұрланған көліктің рөліндегі 39 жастағы ер адамды байқап, тоқтатты. Тәртіп сақшылары ер адамның жөнсіз әрекетін байқаған. Медициналық куәландыру ұсталған адамның мас екенін анықтады.
Құқық бұзушы көлік құралын ұрлағаны үшін және мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”