AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында "полицейлер" несие рәсімдеу үшін тұрғындардың жеке куәлігін суретке түсіріп алған

60 жастағы Саран қаласының тұрғынын көшеде белгісіз екі адам тоқтатқан. Олар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, тексеру үшін жеке куәлігін сұраған. Бұдан соң суретке түсіріп, қайта берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірнеше күннен кейін оған қаржы мекемелерінен SMS-хабарламалар келіп түседі. Осылайша ер адам өз атына 3 миллион 924 мың теңгеге төрт кредит ресімделгенін біледі. Бұл ақшаға қаскөйлер Нұр-Сұлтан мен Жезқазған қалаларының дүкендерінен техника сатып алған.

Кейін көрші Шахтинск қаласының полиция бөліміне 61 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол да жалған полицейлерге құжатын көрсеткен болып шығады. Бұдан соң атынан 1 млн 995 мың теңге несие алынған. 

Күдіктілерді Қарағанды облысының тәртіп сақшылары ұстады. Олар Павлодар облысы мен СҚО-ның тұрғындары болып шыққан. Полиция оларды қамауға алды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр