Қарағанды облысында учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті табылды: Бірнеше полицей жұмыстан шығарылды
Фото: Polisia.kz
Қарағанды облысында учаскелік полиция қызметкері өзінің дос қызын кеңсеге әкеліп, екеуі де белгісіз заттан уланғаны анықталды. Салдарынан бірнеше полицей жұмыстан кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 қыркүйек сағат 11.00-де учаскелік полиция қызметкері қызбен полиция бөлімшесіне келген. Сол күні 36 жастағы майор түнгі ауысымда болыпты, сол кезде 23 жастағы Альмираны әкелді.
30 қыркүйекте ес-түссіз жатқан ер адам мен қызды басқа полицей байқаған. 23 жастағы Альмира полиция бөлімшесінде диван үстінде көз жұмған. Ал 36 жастағы Дәурен Досов ауруханада жатыр. Оны дәрігерлер аман алып қалды.
Біз қылмыскерлерден емес, полициядан қорқамыз – Депутат
Полицейге ғашық болып қалған қазақстандық бойжеткен оған есірткі әперемін деп жеті жылға сотталды
Қарағанды облысының полиция департаментінде өткен тәртіптік комиссияның шешімімен бірнеше адам қызметінен босатылды:
- Михайловский полиция бөлімінің бастығы Асқар Сәдуақасов;
- Михайловский полиция басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;
- Учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын қадағалайтын басшының орынбасары.
Сондай-ақ учаскелік полицейлер арасындағы тәртіпті сақтамағаны үшін Қарағанды қалалық ІІБ-нің бірнеше басшы қызметкері сөгіс алды.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
