AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында Осакаров ауданына тарихи атауы қайтарылады

Қарағанды ​​облысында Осакаров ауданы атауы Сарыбел деп өзгертіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғындар 20 жылдан бері Сарыбел деген тарихи атауды қайтару мәселесін көтеріп келген.

“Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия бірауыздан оң шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің қаланың жаңа ауданына Тұран атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік нысандардың атын өзгерту және оларға атау беру туралы ұсынысқа комиссия мүшелері оң қорытынды жасаған.

"Ономастика мәселелерінің әлеуметтік мәні зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірқатар маңызды шешімдер қабылдады, олар бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескереді", – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр