Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында орманшы адамдардың тастаған қоқыстарынан монша салып алған

Қарағанды облысында орманшы қоқыстан монша салдыФото: Сюжет кадрларынан

Қарағанды облысында орманшы адамдардың сейіл құрғаннан кейін тастап кеткен қоқыстарынан монша салып алды. Ол бір ғана туристік маусымда бір жүк көлігіне толы шыны бөтелке жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайдлы. 

Қарағанды облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының орманшысы Қанат Шоменов бұл екінші қайтара өңделетін қалдықтарды жұбайымен бірге Қарқаралыдағы өзіне сеніп тапсырылған аумақта 500 гектар жерде жинаған. Белгілі болғандай, қоқысты тек демалушылар ғана емес, жергілікті кәсіпкерлер де тастайды екен. Дүкен мен дәмхана иелері ешкім байқамай тұрғанда, қоқыстар салынған үлкен қаптарды рұқсат етілмеген жерлерге тастап кетеді. Олар үшін айыппұл қарастырылған. Бірақ қылмысты дәлелдеу өте қиын. Бір жылдың ішінде бар болғаны алты әкімшілік хаттама толтырылған.



Ал орманшы болса, бөтелкелерді монша салуға пайдаланып, оларды кірпіштің орнына цементпен бекітіп қолданған. Дегенмен, бөтелкелер тек қабырғаларды тұрғызуға жараған. Ал іргетасын кірпіштен салған. Қайта өңдеу пункті болмағандықтан, орманшы қазір бөтелкелерді қалай кәдеге жаратудың басқа жолдарын іздеп жүр.

"Кейбіреулер, мысалы, дүкенде істейді, құймалы арақ сатады. Сосын бос бөтелкелерді орман алқабына әкеліп тастайды. Егер еліміз таза болса, меніңше, демалушылар орманның таза екенін көріп, арттарынан қоқыс тастамайды. Сондықтан мен бәрін жинаймын", –  деді Қанат Шоменов.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 09:50
Талқылау