Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында оқушыларды интернаттан шығарып, орнына шенеуніктерді орналастырған

Қарағанды ​​облысында мектеп-интернат оқушыларын жатақханадан шығарып жіберген екен. Көпшіліктің наразылығынан кейін облыстық прокуратура тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Қарағанды облысы Шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатына кешенді тексеріс жүргізілді.

"Ресурстық орталықтың құрылыс кешеніне жақын маңдағы ауылдардан келіп оқитын 100 балаға арналған 3 қабатты жатақхана кіреді. 2022 жылдың соңында комиссияның санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ шешімімен балалар жатақханадан шығарылып, ресурстық орталық ғимаратының 2-қабатына орналастырылды, ал 2-қабат балалардың тұруына арналмаған", – деп түсіндірді облыстық прокуратура.

Оқу кабинеттерінің қысқаруы, жеке кабинеттердің қосалқы бөлмелерге айналуы аумақтардың белгіленген нормаларының бұзылуына әкеп соқты.

Тексеріс барысында жатақхананың 2-қабатында "Шет ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс істеген, ал 3-қабатында білім бөлімінің басшысы, қызметкерлер мен әдіскерлер орналасқаны анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша балалар жатақхана ғимаратына қайтарылды. Ресурстық орталықтың жатын бөлмелері оқу кабинеттеріне айналды.

Кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 14 Мамыр, 2024 14:52
Талқылау