AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында мектеп оқушысын зорлаған 17 жастағы жасөспірім сотталды

Абай ауданы Топар ауылының 17 жастағы тұрғыны 7,6 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған 15 жастағы танысын зорлады деген айып тағылған, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

сот

Айыпталушыға қатысты іс Қарағанды облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. 

Тергеу ісіндегі материалдарға сәйкес, өткен жылдың маусым айында Топар ауылы су қоймасының жағажайында мас күйде болған сотталушы 15 жастағы танысын зорлаған. Сот 7,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын бекітті. 

"Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің және оның заңды өкілі, куәгердің түсініктемесімен, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша және молекулярлы-генетикалық сараптама нәтижесімен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде сот заңда көрсетілген істі жеңілдететін деректерді қарастырды – айыпталушының кәмелеттік жасқа толмауы. Алайда тергеуші жасаған айыптау актісіне сәйкес жазаны ауырлататын деректер болмады. Мұндай жағдайда сот өз бастамасы бойынша мұны мойындай алмайды. Қылмыстық кодекстің 81-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың жазасы 10 жылдан аспауы қажет", - деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Жақында айыпталушының қорғаушысы Қарағанды облыстық сотына аппеляциялық арыз түсірген. Ол өз қорғалушысын ақтауды сұраған. Осыған байланысты аппеляциялық сот инстанциясының коллегиясы қылмыстық істі қайта қарады. 

"Қарағанды облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыға қатаң жаза тағайындалады. Үкім заңдық күшіне енді", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, Қарағанды облысының 15 жастағы тұрғыны демалыс уақытында Топар ауылына барған. Құрбысының шақыруымен жағажайда болғанда 17 жастағы жасөспірім қызды зорлап кеткен. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр