Қарағанды облысында Lexus көлігінің аударылып, үш адам қаза тапты
Қарағанды облысында тас жолда Lexus көлігінің аударылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"20 тамыз күні сағат 19:45 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 770-ші шақырымында Lexus LX 470 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан 46 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында, жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Факті полицияға тіркелді.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”