Қарағанды облысында қоғамдық орында жалаңаш жүрген белгісіз екі ер адамның видеосы тарады
Қарағанды облысының Теміртау мен Қарағанды қалаларында екі ер адам көше ортасында шалбарларын шешіп, жалаңаш жүрген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
20 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды.
“Олардың бірі Қарағанды қаласының қақ ортасында шалбарын шешсе, бірі Теміртау қаласында жарияланған бейнежазбада жалаңаш жүрген”,- делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтарды анықтады. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”