Қарағанды облысында қатты су тасқынынан жолдар жабылды
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ хабарлауынша, 4 сәуір күні сағат 21.10-дан бастап республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тасжолының 49-шы шақырымында су тасуына байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Қарағанды-Аягөз-Бұғаз (17-60 шақырым, Қарағанды – Ботақара ауылы) жолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ Бастау – Ақтау – Теміртау тасжолы жабылды (12-0-шы км, "Қазмұнайгаз" ЖҚС – Петровка елді мекені).
Бұған дейін премьер-министр Смайылов Қазақстандағы су тасқынына байланысты төтенше жағдайдың себептерін атаған болатын.
Талқылау