Қарағанды облысында Қарқабат анаға ескерткіш ашылды
Қарағанды облысында Қарқабат анаға арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын мәлімдеді.
“Бүгін біз АНАға тағзым жасаудың тамаша үлгісіне куә болып отырмыз" деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтау сөзінде.
Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет, мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының және "Алтын қалам" қоғамдық сыйлығының иегері, ақын Ақберен Елгезек, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, еңбек ардагері Рымбала Омарбекова, "Абай" атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Алаштың аяулы ақыны Серік Ақсұңқарұлы, ескерткіш авторы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, белгілі мүсінші, Бейбіт Мұстафин, заң ғылымдарының докторы, академик, меценат, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Бақтыбай Жүнісов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
