Қарағанды облысында қария 10 метрлік құдыққа құлап, омыртқасын сындырып алды
Қарағанды облысында құтқарушылар құдыққа құлап кеткен қарияны альпинист құралдарының көмегімен алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 тамыз күні болған.
«13 тамыз күні сағат 17:45 кезінде Шахтинск тасжолында 1939 жылы туған ер адамның абайсызда құдыққа құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына келген ТЖД құтқарушыларды зиян шеккен азаматты құдықтан қалай шығаруды ойластырды. Артынша қария жедел жәрдемге табысталды. Құдықтың тереңдігі 10 метр болғандықтан, құтқарушылардың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды», - деді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
1939 жылы туған ер адамның құдыққа құлағаннан кейін омыртқасы сынған. Ол Мақажанов атындағы медициналық орталыққа жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”