Қарағанды облысында ер адам түзету мекемесінен қашып кеткен
31 шілде №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталушы қашып кеткен Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан нысанда жөндеу жұмысын жүргізіп жүрген. Дегенмен бірнеше сағат ішінде қайта қолға түсті.
“Қарағанды облысының полиция департаменті Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді. Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады”, – делінген полиция ақпаратында.
29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған екен.
Талқылау