Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімінде әйелін өлтіріп кетті
Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімі кезінде әйелін пышақтап өлтіріп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қанды оқиға Бұқар жырау ауданында болған. Ресми деректерге сүйенсек ер адам әйеліне АХАЖ бөлімінде пышақпен шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған әйел дереу ауруханаға жеткізілген, бірақ кейін ауруханада көз жұмған.
Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”