Қарағанды облысында екі ер адам көлікпен бірге өртеніп кетті
Қарағанды облысында екі адамның өліміне алып келген жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 17 қыркүйекте Шет ауданында Ақой-Бұрма тас жолында 36 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен.
Кейін Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігі өртеніп кетті. Салдарынан жүргізуші мен 39 жастағы жолаушы – Данияр Турбаев, Қарағанды облысы полиция департаменті аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған дерек полицияда тіркелді, сәйкес сараптамалар тағайындалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”