Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында екі ауыл тұрғыны таза тұқымды ағылшын-араб жылқысын ұрлап, соғымға сойған

Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жылкы

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Полиция дерегінше, келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.



“Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Талқылау