Қарағанды облысында дала өртін сөндіру үшін жедел штаб құрылды
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылының әкімі Әділжан Арғынов өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Теректі ауылында өртті сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайлар, ТЖМ, қорғаныс министрлігінің ұшақтары және 386 адам жұмылдырылды.
“Қазір өртті сөндіру үшін барлық шара қабылданып жатыр. Өрт сөндірушілер тәулік бойы жұмыс істейді. Өтінемін, үрейленбеңіздер және қауесеттерге сенбеңіздер”, – деді ауыл әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы қызметкердің қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"