Қарағанды облысында бруцеллезбен ауыл тұрғындары да ауыра бастаған
Қарағанды облысында бруцеллез ауруы таралуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eldala.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысында бруцеллез өршуде.
"Биыл 2022 жылмен салыстырғанда 337-ге көп мал ауырды. Инфекция Шет, Абай, Ақтоғай, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында тіркелді", – деп мәлімдеді облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Қарағанды облысының тұрғындары арасында бруцеллез жұқтырғандар саны – 19. Эпидемиологиялық тексеру барысында адамдар арасында бруцеллезді 61,8% жағдайда сүт пен сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз пайдаланғаннан, тексерілмеген жерден сатып алғаннан жұқтырған. 38,2% жағдайда жануарларын күту кезінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзып, жануарларды уақтылы зертханалық тексеруден өткізбеген.
"Сыртқы ортадан алынған сынамаларда бруцеллез қоздырғыштары 13,2% сүт өнімдерінен, 25% жемнен анықталды", – деп атап өтті ведомстводан.