Қарағанды облысында бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламасы қабылданады
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бизнес-қоғамдастықпен кезекті кездесу өткізді. Кәсіпкерлер ашық микрофон форматында өзекті мәселелер туралы айтты. Бас қосуда бизнесті қолдау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүйелі шаралар талқыланды.
“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын бизнес-қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өткізіледі. Бұл диалогтық алаң тексеру рәсімдері бойынша кері байланыс алуға, бизнеске жүктемені төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің өтініші бойынша пилоттық тәртіпте энергоХҚКО құрылатын болады, облыс орталығында оны биыл іске қосу жоспарлануда. Әр түрлі көздер: жергілікті бюджет, "Даму" Қоры, ірі компаниялар есебінен бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы қабылданады. Біз бүгін бизнестің өзекті мәселелерін анықтау, шешу жолдарын бірлесіп талқылау үшін жиналып отырмыз”, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Кәсіпкерлерде құқықтарды қорғау бойынша көптеген мәселелер жинақталған. Сондықтан кездесуге құқық қорғау органдары мен бақылаушы ұйымдардың өкілдері арнайы шақырылды. Сондай-ақ, облыстық соттың төрағасы қатысты.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтің айтуынша, бірінші тоқсанда бизнес субъектілерінің 40-қа жуық өтініші шешілген. Сұрақтардың басым бөлігі салық салу, сатып алу, жер қатынастарына қатысты болды.
Құрылыс сметаларын түзету, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі, жұмыс күшінің тапшылығы – бұл проблемалар өзекті болып қала береді. Оларды кездесуге қатысушылар ортаға салды. Сондай-ақ, АӨК субсидиялау мәселелері көтерілді. Жергілікті өндірушілерді қолдауды жетілдіру, заңнамаға өзгерістер енгізу, халықаралық көрмелерге сапарларды ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстар айтылды
“Пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан, өңірде шағын және орта бизнес өсуде. Жұмыстарыңыз үшін, жұмыс орындарын құрғандарыңыз үшін рахмет. Сіздердің барлық сұрақтарыңызды естідік. Құқық қорғау блогымен дөңгелек үстелдер өткізуді қажет ететін проблемалар бар. Бизнес үшін қолайлы ахуал жасау – аса маңызды міндет. Мұндай кездесулерді жалғастырамыз”, – деді облыс әкімі кәсіпкерлерге.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
