Қарағанды облысында бір әулеттің үш бірдей баласы суға батып кетті
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Жыланды ауылында бір отбасының үш бірдей қызы мерт болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Жыланды ауылынан бір шақырым жердегі Сарысу өзеніне бір отбасының үш бірдей қызы суға шомылған. 17 және 13 жастағы қыздар судан шыға алмай мерт болды. Оларды екі бала байқап, көмекке шақырған. Алайда құтқарушылар барғанша кеш болды.
Қыздар Сәтбаев қалсынан ауылдағы туыстарының үйіне қонаққа барған екен. Оларға бір шақырым жердегі ауылдан туыстары көмекке келгенше, құтқару мүмкін болмады.
"Ауылдан адамдар келіп, денесін шығарам дегенше 1 жарым сағат өтіп кетті. Қыздар судың тыйым салынған жеріне түскен болу керек. Шамасы қыздар малту білмеген. Денелері екі метрлік тереңдіктен табылды", - дейді Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”