Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Қарағанды облысы Теміртау қаласында бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

упал

Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Оқиға 8 сәуір күні таңғы сағат 8-де Теміртау қаласында орын алған.  2015 жылы туған бала 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түсіпті. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Бала келіп түскен сәттен бастап жағдайы ауыр, тұрақты. Хирург, травматолог және реаниматолог қарап шықты. Бас сүйек-ми жарақатын алған, самай сүйегі соғылып, сынған. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылды», - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жағдайдың себебін ересектер мен ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы деп түсіндірді. Сондықтан құтқарушылар балалардың бақылаусыз қалдырмауға шақырып, қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауға кеңес берді. 

 

Талқылау