Қарағанды облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Қарағанды облысында Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соқтығысып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, жол апаты 15 қазанда Қарағанды-Молодежный тас жолында, Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде болған.
“Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн