Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адам қашып кетті
Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған түрмеден қашып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция таратқан ақпарат бойынша, медициналық мекемеден қашып кеткен. Жасы – 35-те. Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Қарағанды облысының барлық полиция гарнизоны оны тік тұрып іздеп жатыр.
Белгілері: тығыз дене бітімі, бойы 165 см, шашы қара.
Үстіне ақ түсті футболка, қара түсті жемпір, қара түсті спорттық шалбар, қара кроссовка және қара түсті спорттық кепка киген.
"Осы адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды", - деп мәлімдеді полиция.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”