Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында алаяқтар зейнеткерге 3 миллион теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрледі

27 сәуір күні 71 жастағы Қарағанды облысы, Абай ауданының тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, сан соғып ақала жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Зейнеткердің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін "Банктің қауіпсіздік қызметінің" маманымын деп таныстырған алаяқ кейуанадан 3 миллион теңге несиесін жабуын талап еткен. Ондай ақшасы жоқ екенін айтқан зейнеткер олардың нұсқауымен облыс орталығына барып, несие рәсімдеп, алаяқтарға жібермекші болған. Егде жастағы әйелге телефон соққан алаяқтар зейнеткерге облыс орталығына келу үшін такси жалдап берген. 

Жолай азаматшаның күдікті адаммен сөйлесіп жатқанын естіген такси жүргізуші жергілікті полиция қызметкерлеріне хабар берген. Кейін такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің берген нұсқауымен жол шетіне тоқтаған. Сол кезде алаяқтар такси жүргізушісіне хабарласып, не себепті тоқтағанын сұрады. Жүргізуші оларға бірнеше сылтау айтып, тәртіп сақшылары келгенше уақыт созған. 

Кейін Абай аудандық полиция қызмектерлері сол көлікке отырып, зейнеткерге кімге ақша аударайын деп жатқанын түсіндірген. Такси жүргізушісі зейнеткер мен полиция қызметкерлерін алғашында банкке, кейін алаяқтар берген нұсқау бойынша "ақша аудару" үшін сауда үйіндегі терминалға апарған. Бірақ ешқандай ақша аудармаған. Кейін сауда үйіне барғанда зейнеткер алаяқтарға сол жердегі терминалдың жұмыс істемей қалғанын және өзінің денсаулығы нашарлап кеткенін айтқан. Сол кезде алаяқтар зейнеткерге дауыс көтеріп, қорқытқан. Олар өздерінің құйтыр0ы әрекеттері туралы полицияның хабардар екенін білмеді. 

Талқылау