Қарағанды облысында 700-ден аса киік мүйізін Қытайға сатпақ болған
Қарағанды облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді атып, оның мүйіздерін Қытайға сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция мәлімдеді. Ұсталғандардан 150 келі мүйіз тәркілеген. Мұнша көп мүйізді алу үшін қылмыскерлер 366 киікті атып өлтірген, - дейді құзырлылар.
Қара нарықта киік мүйізінің 1 келісі 5 мың долларға дейін бағаланатын көрінеді. Оңай ақшаға құныққан 6 адамның кім екені анықталып отыр. Олар Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумағында жылдар бойы киелі жануарды заңсыз атумен айналысып келген дейді.
Қазіргі таңда күдіктілердің 3- еуі ғана қолға түсті. Қалғандары іздестірілуде. Кінәлері дәледденсе, 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
"Күдіктілерден таразы, пышақ суық қаруы, тіркелмеген қару және автомототехника тәркіленіп алынды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскенбаев.